09 Желт 2020
Мекеме басшылыры

Мектепті басқарған тұлғалар және ардагер ұстаздар

Мәлік Дүйсенғалиев (1921-1995ж.)

Ойыл ауданы Байтақ селолық советінде туған. Еңбек жолын 1939-1940 жылдары Тайсойған ауыл советіне қарасты Кенкөкті бастауыш мектебінде мұғалім және осы мектептің меңгерушісі болып жасаған. 1940-1942 жылдары Миялы ауыл советі Қасыскөл жеті жылдық мектебінде мұғалім және Ақшатау жеті жылдық мектебінде оқытушы болады. 1943-49 жылдары Тайсойған жеті жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1949-52ж. аралығында Жетікөл ауыл советіне қарасты Сапақкөл жеті жылдық мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарды. 1952-53ж. Ойыл балалар үйінің директоры болған. 1953-55 ж. 1961-63 ж. Ойыл аудандық оқу бөлімін басқарған. 1955-61ж. аудандық Совет атқару комитетінің председателінің орынбасары болады. 1963-65 ж. Жетікөл совхозы партия комитетінің секретары, 1965-66ж. №196 Кәсіптік-техникалық училищенің директорының орынбасары болды. 1966-81ж. Саға орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарды. 1947 жылдан КПСС мүшесі. 1953-66 жылдарда ККП Ойыл аудандық комитетінің Пленум және Бюро мүшесі болды. Халық ағарту ісінің озық қызметкері значогімен және бірнеше медальдармен марапатталған.  

 Қалқыш Орынбасаров (1915-1984ж.)

Ойыл ауданы №17 Байтақ ауыл советі Тайсойған елді мекенінде дүниеге келген. 1931-33ж. еңбек жолын Махат ауданында үлкендер мектебінде сабақ берген. 1936 жылдан Ойыл ауданында мұғалім, оқу ағарту инспекторы, оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. 1942-45ж. ұлы Отан соғысына қатынасқан. Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен екі рет, «За отвагу» медалімен, «Варшаваны босатқаны үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдармен наградталдыл. Соғыстан кейін Саға орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанға дейін оқытушылық қызметте жасады. «Қазақ ССР оқу үздігі» медальмен, басқа да грамоталармен марапатталған.

Қайыржан Шүтенов (1936-1995ж.)

Ойыл ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. 1954 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін оқытушылық қызметте жасады. Көп жылдардағы ерен еңбегінің жемісі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Аға мұғалім», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

 Бақтығали Жармұханов

1943 жылы Ойыл ауданы Көптоғай елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1963 жылы осы ауылда оқытушылықтан бастаған. 1976-2000 Ойыл ауданы Қайыңды ауылында оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, селолық кеңес атқару комитетінің председателі болып еңбек етті. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласы Қурайлы селосында оқытушы болып қызмет жасайды. Көп жылға еңбегінің нәтижесі «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған.

 Күнзипа Нұрмұқанбетова Бітімбайқызы

1942 жылы Қобда ауданында туған. Еңбек жолын 1959 жылы өзі туып өскен ауданда мұғалімдіктен бастап, Ойыл ауданы Қайыңды ауылы Саға орта мектебінде осы мамандақпен зейнеткерлікке шықты. Көп жылдардағы бала оқыту мен бала тәрбиесіндегі жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі», «Аға мұғалім» медальдармен және аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, цехтың партия ұйымының хатшысы болды.

 Марат Алтымов Шекпағамбетұлы

1934 жылы Ойыл ауданы Алтықарасу а/советінде туған. Еңбек жолын 1954 жылы тамыз айында Ойыл қазақ орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1956-1968ж. Саралжын орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1968 жылдың шілдесінен 1983 жылдың қазан айларында ауданның Берсиев және Амангелді атындағы совхоздары партия ұйымының хатшысы 1983 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Саға орта мектебінде мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жасаған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 2000 жылға дейін ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, қоғамдық қызмет атқарды. 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

 Хадиша Өтешова

1926 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, №17 ауыл советіндегі «Қызыл жұлдыз» деген жерде туған. 1932 жылдан бастап балалар үйінде 1942 жылға дейін оқып тәрбиеленген. Ақтөбе қаласындағы облыстық оқу бөлімінің жанынан ашылған жеті айлық мұғалімдер дайындайтын курсты 1942 жылы бітірген. 1943 оқу жылынан бастап №4а Саралжын орталау мектебінде оқытушы болып қызмет жасаған.

1945 жылға дейін №5а Қайыңды бастауыш мектебінде оқытушы қызметін атқарған. 1946 оқу жылынан бастап 1951 жылға шейін №17а «Жаңа құрылыс» колхозында бастауыш мектепте оқытушы болып жұмыс жасаған. 1947-1948 оқу жылынан бастап Ақтөбедегі педучилищені сырттан оқитын бөлімінде ІІ курсынан бастан оқып 1951 жылы бітірген. 1951 жылдан 1954 жылға дейін «Саға» бастауыш мектебінде қызмет жасаған. 1954 жылдан бастап «Қайыңды» орталау мектебінде бастауыш класқа сабақ берген. 1969 жылы «Құрмет грамотасы», 1976-1977 жылдары «Құрмет грамотасы» ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жұмыс жасағаны үшін марапатталған.

Ғабдолла (Абдолла) Қожақов (1906-1992ж.)

Қызылқоға ауданы Тайсойған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1924 жылы селолық кеңес хатшылығанан бастаған. 1925-1946 ж. аудан партия ұйымының өкілі, Бабатай жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып еңбек еткен. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысына мектебінің директоры, 1949-51 ж. Ойыл аудандық оқу бөлімі меңгерушісі. 1951 ж. бастап 1966 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Қайыңды жеті жылдық мектебі директоры қызметтерін атқарды. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі жоғары бағаланып 1961 жылы «Ленин орденімен» марапатталған. Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі.

 

Дәуіт Құрманалин (1916-1986ж.)

 Ойыл ауданы 17-ші ауылда туған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына алынып, 1943 жылы елге оралған. 101-ұлттық атқыштар дивизиясының құрамында болған. Соғыстан елге оралғаннан кейін Ойыл аудандық қазақ және орыс мектептерінде мұғалім болған. Ақтөбе, Сапақкөл, Қайыңды орталау мектептерінде, кейін Ойыл ауданына қарасты Ойыл, Бабатай мұғалімі болып қызмет еткен. 1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Сүлейменов Шадыман (1916-1982ж.)

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында соғысқа қатысқан. Елге оралған соң зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін мұалім болып жұмыс жасады. Бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Сутенов Теңел Оразович

1934 жылдың маусым айының 17 жұлдызында  Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты 17-ауылда дүниеге келген.          1952-1955 жылдары Гурьев педагогикалық институтын аяқтады.  1956 жылы Алтықарасу мектебінді мұғалім, 1957 жылдан 1983 жылға дейін (өмірінің соңына дейін) Саға орта мектебінде химия, биология пәндерінен сабақ берді. Коммунисттік партия мүшесі. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім.  Үгіт-насихат, саяси сабақ т.б. қоғамдық жұмыстарды жүргізген.

 

Алдабергенов Қайырбек Ділмағанбетұлы (1925-1992ж.)

1925 жылы Атырау облысы, Тайсойған ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан Атырау облысында тұратын нағашысының қолында тәрбиеленді. 1943 жылы қаңтар айында соғысқа шақырылады. Ол кезде 18 жаста еді. 1945 жылы екі жылдан соң елге оралды. Зейнеткерлік демалысына шыққанша сегізжылдық Саға орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.

Есболай Бікіров

1 қыркүйек 1951 жылы Ойыл ауданы Қайыңды ауылында туған. 1972-1984 жылдары Саға орта мектебінде мұғалім, ұйымдастырушы, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жасады. 1984-1994 жылдары совхоз кәсіподақ комитетінің төрағасы, партком хатшысы, селолық төрағасы, 1994 жылдың ақпанынан 2013 жылға дейін ауылдық округ әкімі болып жұмыс жасады. 2013-2014 жылдары Саға мектеп – балабақшасында директор қызметін атқарды. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медальдарымен марапатталды.

 Нұрлыбек Қалауов

 

1953 жылы 12 наурызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саоалжын селосында дүниеге келген. Ол 1970 жылы Саралжын орта мектебін, 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін үздік бітірді. Ойыл ауданының көптеген мектептерінде директорлық қызмет атқарған.

Түлкібай Сапаров

20 мамыр 1951 жылы Ойыл ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Н.К. Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебін бітіріп, № 196 Ойыл селолық кәсіптік-техникалық училищесінен шоферлік мамандық алған.  1969-1970 жылдары Ойыл совхозында  шофер, 1970-1972 жылдар  аралығында Кеңес Армиясының қатарында қызмет еткен.  1972-1976 жылдары Гурьев педагогика институтында  оқып тарих пәнінің мұғалімі мамандығып алып шығып, Ақшатау сегіз жылдық мектебінде мұғалімдік еңбек жолын бастаған. 1981-1989 жылдары Саға мектебінде директорлық қызмет атқарды.

Орынбасарова Аккумыс Калқышқызы

1950 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Байтақов ауыл советінде, қызметкер семьясында туылған. 1957-58 оқу жылы Қайыңды сегізжылдық мектебінің 1 класына барып, 1965 жылы 8 класты бітіріп шықты. 1965-1969 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінде оқыды.

1969 жылы бітіргеннен кейін, Қайыңды сегізжылдық мектебінің бастауыш класына мұғалім болған.

1971 жылы Гурьев пединститутының биология факультетіне сырттай түсіп, 1978 жылы бітіріп шықты.

1976-77 оқу жылында семья жағдайына байланысты Саралжын орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған.

1977-78 оқу жылында қайтадан Қайыңды сегізжылдық мектебінде, биология пәнінен беретін мұғалім болып орналасқан.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін сол мектеп негізінде құрылған Саға орта мектебінде қызмет еткен. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ақ жаулықты ана. Олардан 6 немере көріп отыр.

Орынбасаров Серікбай Қалқышұлы (1954-2008)

1954 жылы сәуірде Қайыңды селосында дүниеге келген. 1972-76 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетінің физика мамандығын бітірген. 1976 жылдан 2005 жылға дейін Саға орта мектебінде физика пәнінен сабақ беріп келді. Пән мұғалімі ретінде аудандық, облыстық грамота, алғыс хаттармен марапатталды. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, оқушылары пәндік олимпиада, интеллектуалдық турнир, сайыстардан жүлделі орынға ие болды.

 Орынбасаров Амантай Қалқышұлы (1958-2008ж.)

1958 жылы 10 тамызда Ойыл ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген. 1975-79 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп шықты. 1979 жылдан Саға орта мектебінде өмірінің соңына дейін үздіксіз математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Жоғары санатты мұғалім өз жұмысында ізденімпаздылығымен, жаңа тесттік технологиямен жұмыс істейтін шығармашылығымен аудан, облыс көлеміне танылды. Оның шәкірттері мемлекеттік грант иегерлері, түрлі математикалық сайыс, турнир, олимпиада жүлдегерлері. Осы еңбектері үшін 2002, 2003 жылдары облыстық грамота, 2005 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2005 жылы «Отан» партиясының дипломы, 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мектеп кәсіподақ ұйымын бірнеше жыл қатарынан басқарды. Өз өмірінің соңына дейін Саға мектебінде жұмыс жасап, бірнеше «Алтын белгі» иелерін оқытып шығарды.

Орынбасарова Базаргүл Даденбайқызы

1959 жылы 1 қаңтарда Ойыл ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген. 1977-81 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. 1981 жылдан 2008 жылға дейін Саға орта мектебінде жұмыс жасады. Жоғары санатты. 1994-2008 жылдар арасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан осы күнге дейін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде математика пәнінің оқытушысы. 2004 жылы облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Алтын кілт» конкурсының жүлдегері. 2005 жылы «Отан» РСП ҚБ партиясының грамотасымен, 2007 жылы Ойыл ауданының «Жыл адамы-2007», 2007 жылы Ақтөбе облысы білім департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қосбаева Күләш Амандыққызы

1956 жылы тамызды Саралжын ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Саға мектеп – балабақшасынан бастады. 2000-2007 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа дейін директордың оқу ісі орынбасары болды. 2014 жылы зейнетке шықты.

Қазмағамбетов Кенжебай Өтеуліұлы

2007 жылдан бастап Саға мектеп – балабақшасының директоры болды. Сол жылы мектепті жөндеуге ақша аударылып іші, сырты эстетикалық талғамға сай жақсартты, әсемделген мектептің педагогикалық ахуалы, білім дәрежесі де жақсарды. ҰБТ-дан Алтын белгі иегерлері жыл сайын шығарылып, сынақ бойынша орташа балл 80%-дан жоғары болып облыс бойынша алдыңғы 12 мектептің қатарында болғандықтан 2008 жыл қорытындысы бойынша ауданның «Жыл адамы» атағын алды. 2008 жылы Саға мектеп – балабақшасында аудан мектептерінің педагогикалық жұмысын, шаруашылығын, мәдени көркеюін қалай ұйымдастыруға болатынын көрсете білді. 

Ескалиева Жанна Нурлановна

 

1984 жылы 4 қарашада Ойыл ауданында дүниеге келді. 1991 жылы Ойыл ауданындағы Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 2002 жылы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебін үздік аттестатпен аяқтады. Сол жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 2006 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын физик-информатик мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе медициналық колледжінде бастады. Медициналық колледжінде информатика пәні бойынша сабақ беріп, циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы болып қызмет атқарды. 2014 жылдан - 2016 жылдың тамыз айына дейін Ойыл ауданы Саға мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарды.  Ақтөбе медициналық колледжінде қызмет атқарып жүрген кездерінде Ақтөбе облысының білім басқармасының, колледж директорының, Ақтөбе қаласының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Дүйсенғалиев Тұрлан Төлепбергенұлы

1977 жылы 13 қыркүйекте Ойыл ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Саға орта мектебін бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Университетінің тарих факультетінде 1998 жылы бітірген. 1998-2016 жылдар аралығында Саға мектеп – балабақшасында тарих, құқық, география пәндерінің мұғалімі, гуманитарлық бірлестік жетекшісі болды. Аудандық, облыстық «үздік мұғалім жеңімпазы атанды. 2016 жылдың тамызынан бастап мектеп директоры болып қызмет атқарып келеді.

 

 

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар